Сәжде аяттар:
🔵 Ағраф сүресі, 206-аят.
Расында Раббыңның қасындағылар (періштелер) Оған құлшылық қылудан менменсімейді де Оны дәріптеп, Оған сәжде қылады.
🔵 Рағыд сүресі, 15-аят.
Көктердегі және жердегі әркім әрі көлеңкелері, ерікті, еріксіз түрде ертелі-кеш Аллаға сәжде қылады.
🔵 Нәхл сүресі, 49-аят.
Көктерде және жерде болған әр жандық әрі періштелер, тәкаппарланбай Аллаға сәжде қылады.
🔵 Исра сүресі, 107-аят.
(Мұхаммед Ғ.С.): Құранға мейлі сеніңдер мейлі сенбеңдер; бұдан бұрын өздеріне ғылым берілгендер, оларға Құран оқылған заман, етпеттерінен сәждеге жығылады.
🔵 Мәриям сүресі, 58-аят.
Міне бұлар, Алла, өздерін нығметке бөлеген пайғамбарлар. Адам (Ғ.С.) ның және Нұх (Ғ.С.) пен бірге (кемеде) тасығандарымыздың ұрпағынан әрі Ыбырайым (Ғ.С.) және Исраилдың, ұрпағынан тура жол көрсетіп, таңдаған кісілерімізден. Оларға Алланың аяттары оқылған сәтте, жылаған бойда сәждеге жығылады.
🔵 Хаж сүресі, 18-аят.
(Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Аллаға; көктерде, жерде болған әркім; күн, ай, жұлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар және адамдардың көбі сәжде қылады. Және де олардың көбіне азап тиісті болған. Алла кімді қорласа, сонда оны, ешбір құрметтеуші болмайды. Күдіксіз Алла, қалағанын істейді.
🔵 Фурқан сүресі, 60-аят.
Оларға: “Рахманға сәжде қылыңдар” делінсе: “Рахман деген не? Сен әмір еткен нәрсеге сәжде қыла берейік бе?”,-десті. Бұл, олардың жиренішін қоздырды.
🔵 Нәміл сүресі, 25-аят.
“Көктер мен жердегі көместі көрнеуге шығаратын, өсімдіктерді өсіретін, сондай-ақ олардың көрнеу, көмес істегендерін білетін Аллаға неге сәжде қылмайды?”
🔵 Сәжде сүресі, 15-аят.
Шын мәнінде аяттарымызға, өздеріне үгіт берілген кезде, сәждеге жығылып; Раббыларын мақтап, пәктейді. Сондай-ақ тәкаппарланбай иман келтіреді.
🔵 Сад сүресі, 24-аят.
Дәуіт (Ғ.С.): “Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңның үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай” деді. Дәуіт (Ғ.С.) шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды.
🔵 Фуссилат сүресі, 38-аят.
(Мұхаммед Ғ.С.) егер олар тәкаппарланса, Раббыңның қасындағылар (періштелер), Оны күндіз-түні дәріптеуден жалықпайды.
🔵 Нәжім сүресі, 62-аят.
Ал енді Аллаға сәжде қылып, құлшылық істеңдер.
🔵 Иншиқақ сүресі, 21-аят.
Оларға Құран оқылған кезде, сәжде қылмайды.
🔵 Ғалақ сүресі, 19-аят.
Олай емес, (Мұхаммед Ғ.С.) оған бағынба, Аллаға сәжде қыл, жақында!